Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім «Лесоруб» ойынын ойнауы мүмкін. Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мұндай нұсқаны да тексереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
№4 мектепте болған төтенше жағдайдан кейін әлеуметтік желіде шабуылға «Лесоруб» ойыны себеп болуы мүмкін екені айтылды.
СҚО прокуратурасының мәліметінше тергеу барысында бұл нұсқа да тексеріледі.
- «Лесоруб» ойынына қатысты нұсқа тексеріледі. Барлығы тергеу аясында белгілі болады. Тексеру шаралары қабылданып жатыр», деді облыстық прокуратура аппаратының басшысы Шолпан Әбдірахманова.
Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып келіп, үш баланы жарақаттаған.