• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Ақпан, 2023

Әскер спортшысы Еуропа кубогінде сәтті өнер көрсетті

336 рет
көрсетілді

Болгарияда дзюдодан ашық Еуропа кубогі өз мәресіне жетті. Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі лейтенант Ғұмар Қырғызбаев 66 келі салмақта күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшылардың бұл турнирге қатысуы 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинау тұрғысынан маңызды.

Ақтық сынға шығар алдында Ғұмар Қырғызбаев Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларын жеңді. Ғұмар Қырғызбаев 9 минутқа созылған шешуші жекпе-жекте ғана украиналық Микита Холобородькоға есе жіберіп, жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.

Жарысқа әлемнің 46 елінен 396 дзюдошы қатысқанын айта кеткен жөн. Еліміздің атынан 9 спортшы бақ сынады.