Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған жасөспірім екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2023 жылғы 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған оқушыға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деді Петропавл мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Ресми деректерге сәйкес, соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.