• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 22 Ақпан, 2023

Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Сібірмен» ойнайды

208 рет
көрсетілді

Бүгін Новосібірде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті маусымының матчы өтеді. Онда «Сібір» өз алаңында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sports.kz хабарлағандай «Сібір-Барыс» кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. 

66 ойыннан кейін «Барыстың» 61 ұпайы, ал «Сібірдің» 65 ойыннан кейін 81 ұпайы бар.

Соңғы тұрақты матчта «Барыс» сырт алаңда Омскінің «Авангард» клубынан ұтылды (3:4), ал «Сібір» «Салават Юлаевты» жеңді (2:1).