• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Ақпан, 2023

Ішкі нарықты өзімізде өңделген қантпен қамтамасыз етуіміз керек - Әлихан Смайылов

244 рет
көрсетілді

Премьер-министр Жетісу облысына барған сапарда қант өңдеу зауыттарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов ішкі нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз ету керегін атап өтті. 

«Қант қызылшасы алқабын екі есе ұлғайтып жатырсыздар. Бұл өте жақсы. Біз Үкімет тарапынан субсидиялау көлемін едәуір ұлғайтып жатырмыз. Соның арқасында ішкі нарықты өзіміз өндірген қантпен қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан осы облыстағы қант өңдеу зауыты шығаратын өнімдерін Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 180 мың тоннаға дейін жеткізу деген мақсат тұр. Сол үшін бәріміз жұмыла жұмыс істеуіміз керек», деді Үкімет басшысы.