• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Ақпан, 2023

Қазақстан ҚХР ұстанымы бойынша мәлімдеме жасады

260 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Украинадағы дағдарысты саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешуге балама жоқ деп санаймыз. Біз әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтаймыз», делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған мемлекеттердің өзекті мәселелерін шешу туралы атап өтті.

Бұған дейін Қытай Украинадағы ахуалға қатысты өз ұстанымын жариялаған еді.