Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәртіп сақшылары көліктің салонын тінту кезінде алдыңғы орындықта марихуанаға ұқсас өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакетін және 14 бума есірткі затын тапты. Есірткінің жалпы салмағы 1,5 кг болды.
Күдіктінің танысына тиесілі «Mercedes-Benz Е-190» автокөлігін тінту кезінде тағы 55 келі есірткі тектес зат тәркіленді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі көлемде өткізу мақсатында заңсыз пайдалану» бойынша тіркелді. Тәркіленген заттарды зерттеу үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.