Өткен тәулікте 86 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, коронавирус белгілері бар пневмонияға 1 адам шалдықты, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Ел өңірлерінде коронавирустан 1 651адам (коронавирус (КВИ+)–1 539, пневмония (КВИ-) – 159) емделіп жатыр. Олардың ішінде 115 пациент стационарда, 1 583 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.