• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Наурыз, 2023

«Оқуды бітіруіне екі ай қалған». Сәпиевпен жанжалдасқан спортшы жазаланды

3379 рет
көрсетілді

Batyrball турнирінде бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелимхан Мұсиханов колледжден шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Instagram-парақшасында айтты. Оның сөзінше, балуанның спорт колледжін бітіруіне 2 ай қалған. 

Сонымен қатар әлі расталмаған ақпарат бойынша, Мұсихановтың туыстары да жұмыстан қуылған. 

«Олимпиада чемпионы мен Зелимхан Мұсихановтың төбелесін бәріміз көрдік. Жігіттер қол алысып, жанжал сонымен бітті деп ойлап едік. Осы оқиғадан кейін не болды? Зелимхан білім алып жүрген спорт колледжінен шығарылды... Оның ағасы жұмыстан қуылған. Оның ата-анасы да жұмыстан қуылған деген ақпарат бар, бірақ нақты солай деп айта алмаймын. Артынан Александр Гольцман (Мұсихановтың жаттықтырушысы) осы іске араласып, Зелимханды қайтадан оқуға алдыруға тырысады, себебі ол жігітті осы оқиғаға бола оқудан шығару қате. Амалын тауып оны қайтадан алдырды», дейді Сатыбалдинова.  

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелимхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Бұған дейін Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде жекпе-жектен кейін балуанмен жанжалдасып қалғанын хабарлаған едік. Кейінірек аталған оқиғаға қатысты балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцман түсініктеме берген болатын.