• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2023

Қазақстанның елшісі Болгарияның жоғарғы наградасымен марапатталды

182 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған Теміртай Рымтайұлы Ізбастин бірінші дәрежелі «Мадар салт атты» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болгария Республикасының Президенті Румен Радевтің 2023 жылғы 8 ақпандағы жарлығымен өз дипломатиялық миссиясын 2022 жылғы желтоқсанда аяқтаған Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Болгария Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты достық қатынастарды нығайту мен дамытудағы аса зор еңбегі үшін бірінші дәрежелі «Мадар салт атты» орденімен марапатталды.

Айта кетсек, «Мадар салт атты» орденімен Болгария және шетел азаматтары Болгария Республикасымен екіжақты қатынастарды орнатуда, нығайтуда және дамытуда ерекше сіңірген еңбегі үшін марапатталады.