Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 2023 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталатынына сенім білдірді. Бұл туралы ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін тапсыру кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
«Биыл қандай да бір уақытта COVID-19, қоғамдық денсаулық сақтау аймағындағы халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін», деді Гебрейесус.
Сонымен қатар ол 11 наурызда ДДҰ алғаш рет COVID-19 індетін пандемия деп жариялағанына үш жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір әлем пандемия кезіндегіден әлдеқайда жақсы жағдайда.