• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 14 Наурыз, 2023

Тұшымды реформаға толы науқан

353 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы бұрынғы сайлаулардан өзгеше деп айтсақ, қателеспеген болар едік. Олай дейтін себебіміз, бұл сайлау Жаңа Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістерді толықтыратын, жаңаша өзгерістерге негізделген сайлау болатынына үміт зор.

Еліміздегі соңғы оң өзгеріс­тер көңіл қуантарлық, ауыз толтырып айтуға болатын тұшымды реформаларға толы. Олардың ішіндегі ең іргелі өзгерістердің бірі – ел Президентінің сайлау мерзімінің жетіжылдық уақытқа созылуы. Келесі тың өзгеріс, Пар­ламент Сенатындағы прези­дент­тік квотаға шектеулер енгізіл­ді. Сондай-ақ жоғары заң шығарушы органда Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің өкілдігінде өзгерістер болды, заң шығарушы органдарға сайлау форматы да өзгерді. Енді Парламент Мәжілісі депутаттарының 70 пайызы партиялық тізімдер бо­йынша, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Саяси партияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдетілді: саяси партияны ұйымдастыру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарды; пар­тиялардың Құрылтай съезін өткізу мерзімі 2 айдан 3 айға де­йін ұлғайтылды; тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендеді; өңірлік өкілдіктердің ең аз саны 600-ден 200 адамға дейін азайды. Осындай сайлауға қатысты жеңілдіктер де биылғы Парламент сайлауына түсетін үміткерлер санының ұлғаюына әсер етті.

Қазақта өте жақсы нақыл сөз бар: «Ойлаушы ойын аяқ­тағанша, тәуекелшіл ісін тындырады». Яғни ойланып отыратын уақыттан өттік, жылдамдатып тәуекел жасап іске көшпесек, уақыт та, заман да бізді күтіп тұр­масы анық. Еліміздің тәуел­сіздігін алғанына отыз жыл ғана уақыт өтті. Салыстырмалы түрде алсақ, отыз жастағы ер-азамат енді кемелдене бастай­тыны белгілі, қолы анау айт­қандай ұзын емес, оң-солын енді ғана танып үлгерген, отыз жасқа дейінгі жинаған тәжі­рибесін өміріне пайдалана бас­таған, күш-жігерін, өзін, отбасын дамытуға аяқ басқан шағы. Ендеше, елімізге де аса сын көзбен қарамай, осы уақыт аралығында жеткізген жетістіктеріне қолдау білдіріп, болатын елдің азаматтарындай бір-бірімізге жанашырлық таныту аса маңызды.

Отандастар кез келген жаңа­шылдықты қолдап, елімізді көздің қарашығындай қорғап, ауызбірлікпен ғана жетістікке жетет­інімізге сенімдімін. Сай­лауал­ды науқанның қызған сәтін­де әрбір кандидатпен жеке-жеке танысуға, олардың депу­тат­тық мандатқа жеткеннен кейінгі жоспарларын тыңдауға мүмкіндіктер туындап отыр. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, елімізге жанашыр, көр­генді-көреген, ұлтаралық құн­ды­лықтарды дұрыс түсіне­тін, көңілі ашық, көкірегі ояу азаматтардың додаға түсуіне шынайы тілектеспіз. Десе де сайланушылар саны көп, бәсеке қар­қынды, шынайы жүйрік­тер озса екен, елге жанашыр, дип­ломатиялық қарым-қатынас­тарды жете түсінетін шынайы дарабоз азаматтар жеңіске жетсе екен деп ой түйіндейміз.

 

Еңлік ҚАСАБЕКОВА,

Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану орталығының аға ғылыми қызметкері