• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Наурыз, 2023

Бейжіңде, Шанхайда және Гонконгта сайлау учаскелері ашылды

236 рет
көрсетілді

Жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-де (Астана уақыты бойынша 07:00-де) Бейжіңдегі Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде және Шанхай және Гонконг қалаларындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарында сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжің, Шанхай және Гонконгтағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін ашық болады.

Қазақстандық дипломаттар, сондай-ақ сайлау комиссияларының мүшелері еліміздің Әнұранын орындаумен Бейжіңде, Шанхайда және Гонконгта сайлау учаскелерінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді.

Қытайдың Цзянсу, Цзянси, Аньхой, Чжэцзян, Фуцзянь провинцияларында және Шанхай қаласында тұратын Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығы жанындағы (№ 294) сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығының (№ 293) сайлау учаскесінде ҚХР Сянган және Макао арнайы әкімшілік аймақтарында тұратын Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасайды.

Бейжіңде қазақстандық студенттер, дипломаттар, ұлттық компаниялардың өкілдері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ жеке, ресми, білім беру, іскерлік және туристік мақсатта Қытайда жүрген Қазақстан азаматтары дауыс бере алады.