• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2023

Сайлауға қатысқандар саны туралы ақпарат жаңарды

206 рет
көрсетілді

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65%−ы бюллетень алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша - 33,58 пайыз

2. Ақмола облысы бойынша - 33,63 пайыз

3. Ақтөбе облысы бойынша - 33,18 пайыз

4. Алматы облысы бойынша - 34,41 пайыз

5. Атырау облысы бойынша - 30,66 пайыз

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша - 33,61 пайыз

7. Жамбыл облысы бойынша - 35,82 пайыз

8. Жетісу облысы бойынша - 33,15 пайыз

9. Қарағанды облысы бойынша - 34,19 пайыз

10. Қостанай облысы бойынша - 37,39 пайыз

11. Қызылорда облысы бойынша - 32,78 пайыз

12. Маңғыстау облысы бойынша - 32,43 пайыз

13. Павлодар облысы бойынша - 34,26 пайыз

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 32,81 пайыз

15. Түркістан облысы бойынша - 38,29 пайыз

16. Ұлытау облысы бойынша - 34,61 пайыз

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 34,16 пайыз

18. Астана қаласы бойынша - 23,35 пайыз

19. Алматы қаласы бойынша - 11,25 пайыз

20. Шымкент қаласы бойынша -19,63 пайыз

Келесі жедел ақпарат сағат 14.10-да беріледі.

Еске салайық, бүгін Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дауыс беріп үлгерді.