Наурыз мерекесіне орай қазақстандық шекарашылар Астана мен Түркістан әуежайында мерекелік акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордада шекара қызметінің мамандары әуе айлағына келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, қазақтың ұлттық тағамдары - бауырсақ, қымыз, құрт сынды астан дәм татқызды.
Мұндай күтпеген кездесу көптеген қонақтарды таңғалдырды. Адамдар тәттілердің дәмін татып, ризашылықтарын білдірді.