• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Наурыз, 2023

Қазақстан өнерпаздары «Театр барысын» анықтайды

356 рет
көрсетілді

Театр және кино актері, «Өнер барысы» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Асылхан Төлеповтың ұйымдастыруымен 28 наурыз күні Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Театр барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Турнирге қатысуға республика өңірлерінен 48 актер тіркелген. Турнирдің мақсаты – Қазақстанның театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Турнирдің өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Уақыты: 28 наурыз, сағат 16:00.