Өскемен қалалық мәслихатына бір мандатты округтер бойынша депутат атанғандардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Өскемен мәслихатының депутаттары сайланды. Тұрғындардың дауыс беруі барлығы 24 округте жүргізілген.
Жаңа депутаттардың аты-жөндері:
№1 округ бойынша – Бақыт Амантай («Аумақтық басқару орталығы» КММ басшысы);
№2 округ бойынша – Ербол Бақытжан Ерболқызы (Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар ортасындағы талдау және мониторинг секторының меңгерушісі);
№3 округ бойынша – Әділбеков Айдос Әділбекұлы (Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры);
№4 округ бойынша – Есімбекова Арайлым Керімбекқызы («Amanat» партиясы қалалық филиалының төрағасы);
№5 округ бойынша – Смирнова Екатерина Владимировна (дарынды спортшыларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы);
№6 округ бойынша – Бейсов Тілек Мұратұлы («Тұрдыбаева» ЖК директоры);
№7 округ бойынша – Осипов Михаил Анатольевич («Балалар университеті» ЖШС директоры);
№8 округ бойынша – Можанов Ерлан Байжігітұлы («Шығыс-Activ LNP» ЖШС директоры);
№9 округ бойынша – Саратова Наталья Юрьевна («Саратова Н.Ю» ЖК директоры);
№10 округ бойынша – Светаш Александр Александрович (қалалық мәслихаттың төрағасы);
№11 округ бойынша – Шушаникова Надежда Александровна (№ 36 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі);
№12 округ бойынша – Өмірбекова Гаухар Бақытқызы («УКА ТМК» АҚ қаржы директоры);
№13 округ бойынша – Жолудев Денис Сергеевич («Үстел теннисі спорт мектебі» КММ директоры);
№14 округ бойынша – Исраилов Руслан Джабрайылұлы (№ 17 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі);
№15 округ бойынша – Горностаева Анжела Владимировна (ҚХП қалалық филиалының төрағасы);
№16 округ бойынша – Леверинов Андрей Сергеевич («Техснаб ВКО» ЖШС директоры);
№17 округ бойынша – Төлеген Мұхтар Әділбекұлы (С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры);
№18 округ бойынша – Коротин Сергей Викторович («Oreon LTD» ЖШС директоры);
№19 округ бойынша – Байтеряков Михаил Евгеньевич («ҮМЗ» АҚ инженер-конструкторы);
№20 округ бойынша – Лоскутова Алла Викторовна («Восток-39» ПИК төрағасы);
№21 округ бойынша – Мұсабек Ерлан Базарбайұлы («Ем алу плюс» ЖШС бас дәрігері);
№22 округ бойынша – Тәженов Асхат Мұратұлы («Таза Өскемен» КММ басшысы);
№23 округ бойынша – Умарбеков Нұрлан Қамұратұлы («Казцинк» ЖШС-нің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы);
№24 округ бойынша – Хуанбай Әскерхан («Отандастар» қоғамдық қорының төрағасы).