Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына бір мандаттық округтер бойынша сайланған депутаттардың аты-жөндері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО сайлау комиссиясынан мәлім еткеніндей, №1 сайлау округі бойынша – Илемесов Исқаир Кафарұлы, 1964 жылы туған,
«Символ» ЖШС басшысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы;
№2 сайлау округі бойынша – Хасанов Самат Хамзаұлы, 1974 жылы туған, «Ерқожа» ШҚ басшысы, Казталов ауданы, Ақпәтер ауылы;
№3 сайлау округі бойынша – Сағитов Ақылбек Темірболатұлы, 1968 жылы туған, «Мұқадес» ШҚ басшысы, Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылы;
№4 сайлау округі бойынша – Сүндетов Есен Оразғалиұлы, 1976 жылы туған, «Сундетов» ШҚ басшысы, Бәйтерек ауданы, Янайкин ауылы;
№5 сайлау округі бойынша – Идиятов Сержан Серікұлы, 1976 жылы туған, «Теректі» ШҚ басшысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы;
№6 сайлау округі бойынша – Құрманқұлов Жасталап Исламбекұлы, 1966 жылы туған, «АқсайЖылуқуат» МКК директоры, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы;
№7 сайлау округі бойынша – Нұрмуханов Ғанимат Хайыржанұлы, 1970 жылы туған, «Жібек Жолы» ШҚ басшысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы;
№8 сайлау округі бойынша – Баяхов Әліби Науханұлы, 1965 жылы туған, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры, Орал қаласы;
№9 сайлау округі бойынша – Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы, 1969 жылы туған, М.Өтемісов атындағы БҚУ ректоры, Орал қаласы;
№10 сайлау округі бойынша – Бисенов Азамат Ғимранұлы, 1987 жылы туған, «Уральскагрореммаш» АҚ вице-президенті, Орал қаласы;
№11 сайлау округі бойынша – Ғабдуәлиев Мереке Тілекұлы, 1981 жылы туған, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, Орал қаласы;
№12 сайлау округі бойынша – Тлемисов Тұрарбек Тілемісұлы, 1972 жылы туған, жеке кәсіпкер, Орал қаласы;
№13 сайлау округі бойынша – Каженов Марат Жаулыбайұлы, 1971 жылы туған, «TARAL» ЖК директоры, Орал қаласы;
№14 сайлау округі бойынша – Крылов Валерий Юрьевич, 1966 жылы туған, «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС директоры, Орал қаласы;
№15 сайлау округі бойынша – Бралов Руслан Нұрланұлы, 1991 жылы туған, №1 қалалық емханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Орал қаласы.
Сонымен қатар дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былайша бөлінді:
«Amanat» партиясы - 10;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 2;
«Respublica» партиясы - 0;
Қазақстан Халық партиясы - 1;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 0;
«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 2.