Қазақстанда өткен тәулікте 80 адам коронавирус жұқтырды, 6 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 729 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.