• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 27 Наурыз, 2023

Бірмандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады

386 рет
көрсетілді

Бір мандатты округтер бойынша саяси додаға түскен 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді.

«Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс сайлауына қатысқан 370 кандидаттың 104-іне сайлау жарнасы қайтарылады. Қалған 266 үміткер 5 пайыздан аз дауыс жинады. Сайлау жарнасы екі партияға да қайтарылады. Олар – Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мен Respublica партиясы. Ал «Байтақ» жасылдар партиясы межелі дауысты жинай алмады. Қалған партиялар Конституциялық заңның 88-бабына сәйкес, сайлау жарнасын енгізбеді. Өйткені, олар бұрын Мәжіліс сайлауына қатысқан және 5 немесе одан да көп пайыз дауыс жинаған. Сондықтан олар сайлау жарнасын төлемейді», деді ол.

Айта кетейік, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мандатына үміткерлер 1 млн 50 мың теңге мөлшерінде сайлау жарнасын төлеуі тиіс.