Футбол 02 Сәуір, 2023

УЕФА Асхат Тағыбергеннің голын үздік деп таныды

413 рет
көрсетілді

УЕФА Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші турында Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің голын үздік деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропа-2024 чемпионатының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында ең үздік голдар туралы ақпарат жарияланды.

Бұл ретте, Асхат Тағыбергеннің Данияға қарсы матчтағы голы үздік деп танылды.