• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Сәуір, 2023

Елімізде «Уылдырық» науқаны басталды

352 рет
көрсетілді

Уылдырық шашу кезеңінде балық қорының түрлерін сақтау мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігімен елімізде 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «Уылдырық» балық қорғау науқаны өткізіледі, деп хабарлады Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, республиканың әр облысында өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып тыйымның мерзімі белгіленген.

Құзырлы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тыйым салынған кезде балық аулау, балық өнімін заңсыз сатып алу және сату, алып жүру фактілерін анықтауға назар аударады.

Аталған тыйымды бұзғаны үшін заңмен 10 нан 40 АЕК көлемінде айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілік (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабы) және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру ретінде қылмыстық (ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы) жауапкершілік қарастырылған.