Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы арыз түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілде айында оған таныс адамы Toyota Hilux автокөлігін нарықтағы құнынан төмен бағада сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған.
Алайда 9 айдан кейін ол уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын баса айтты. Тергеу шаралары нәтижесінде облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.