8 сәуірдің қорытындысы бойынша 50 қазақстандықтан коронавирус анықталды, бұл бір тәулік бұрынғыдан 27 адамға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің 9 сәуірдегі хабарына қарағанда, 1 894 адам коронавирус инфекциясынан (–1 714+ және 180 КВИ-), олардың ішінде 180 пациент стационарда, 1 714 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр.
Қазақстанда бүгінге дейін 1 410 401 адам коронавирус жұқтырып, оның 13 848-і қайтыс болды. Ал 90 959 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталып, 5 413-і қайтыс болды.