• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2023

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысы өтетін жерге келе алмады

840 рет
көрсетілді

Сот процесі Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

А. Мұхамедиұлы сот отырысына онлайн режимде қатысып отыр. Себебі елордада қардың қалың түсуіне байланысты күдікті сот өтіп жатқан ғимаратқа жеткізілмеді. Сондықтан ол сот отырысынан кейін жеткізілуі мүмкін. Аталған іс судья Бағлан Ыдырысовтың қарауымен өтіп жатыр. Бұдан бұрын істің сотқа келіп түскенін хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қаңтарда Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша Қазақстан Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары ұсталғаны белгілі болды. Антикордың мәліметінше, Алмаз Нұразхан Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, «Әлем мұражайлары бойынша  Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 млн теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған. 

Тергелген қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге деп бағаланды.