Петропавлда зейнеткер 5-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 сәуір Петропавл полиция басқармасының кезекші бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.Қазір істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.