• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Сәуір, 2023

Салық қарызы үшін шот бұғаттала ма?

315 рет
көрсетілді

Салық қарызын төлемегендердің банк шоттары мен касса бойынша шығыс операциялары қандай жағдайда тоқтатылатыны туралы Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салық кодексінің 19-бабында мемлекеттік кірістер органы салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің салықтық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алуға міндетті екендігі көзделген.

Бұл ретте мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану басталғанға дейін салық төлеушіге салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

Бұл хабарлама орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай санатқа жатқызылған:

тәуекелдің жоғары деңгейі (салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң)

тәуекелдің орташа деңгейі (салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң салық төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді)

Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді шығарған мемлекеттік кірістер органы салық берешегі өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей банктік шоттар мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

Бұл ретте банктік шоттар мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қалыптастыру және жіберу «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесінде жүргізілетін дербес шоттардың деректерін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жүргізіледі.

Салық қарыздарын өндірудің аталған шаралары тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.