• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Сәуір, 2023

Қазақстаннның еңбек нарығында дағдыларды сертификаттау жүйесі іске қосылады

280 рет
көрсетілді

Әлеуметтік кодекс жобасында 3 бағыт бойынша жаңа жұмыс тәсілдерін енгізу көзделген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.

Біріншісі – икемді жұмыспен қамтудың барлық түрін, соның ішінде платформалар арқылы жұмысқа тартуды формальды жұмыс деп тану қарастырылды.

Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік тәуекелдерден сақтандыруды, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдау көрсетуді қарастырады.

Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деп атау, олардың жария шарттарын еңбек шарты ретінде тану, платформа операторларын салық агенті ретінде белгілеу сияқты жаңа тәсілдер енгізу көзделген.

Айта кететін бір жайт, енгізілетін оңтайлы режімдер бүгінгі «тәуелсіз жұмыскерлерден» қосымша тіркелуді қажет етпейді және оларға қосымша қаржылай жүктеме болмайды. Аударылатын жарналар олардың бүгінгі платформа операторларына ауда­рып жүрген төлемдік пайыздарының есебінен жүргізіледі.

Екіншісі – жұмыс күшінің дағ­ды­ларын арттыру. Бүгінгі таңда дипломның болуы жұмысқа қабылдау кезінде біліктілік деңгейінің дәлелі бола алмайтынын мойындау керек. Сондықтан жұмыс берушілердің көпшілігі нақты тәжірибе болғанын талап етеді. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болып отыр.

Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізіледі. Бұл негізінен еліміздегі жұмыс күшінің біліктілігін көтеру және жұмысқа қабылдауда қолданып жүрген еңбек өтілінің міндеттілігі жөніндегі шектеулерді қысқарту мақсатында қарастырылып отыр.

Үшіншісі – жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтары. Бүгінде азаматтардың жұмыс іздеуі, жұмыссыз ретінде тіркелуі, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру үдерістері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады.

Осыған байланысты, аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңір­лік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағ­дар­ла­маларды үйлестіретін өңірлік мобильді орталықтар және жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтарын енгізу қарас­ты­рылып отыр.

Бұдан бөлек, Кодексте жаңа көші-қон саясатына да көңіл бөлінген. Оның мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Мұнда да бірқатар мәселе шешімін таппақ.