Freedom Life ӨСК мамандары Қазақстандағы және әлем елдеріндегі жоғары оқу орындарының мәліметтерін зерттеп, әлемдегі ең қымбат және беделді білім алу мекемелерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоғары білім бойынша жетекші халықаралық және іздестіру жүйесі UniRank мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша ресми танымал 20 мыңнан астам университет бар, онда шамамен 235 миллион студент оқиды.
UniRank рейтингінде, ең жақсы университеттер, АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея, Малайзия, Австралия, БАЭ, Қытай, Түркия және басқа елдерде орналасқан.
Freedom Life ӨСК талдаушылары зерттеу барысында қазақстандықтар қолайлы бағамен, жылына 28 мың және одан көп төлем құнымен, қандай елдердегі беделді университеттерге оқуға түсуге болатынын анықтады. Сондай-ақ Қазақстанда және өзге дамушы мемлекеттерде жоғары білім алу бағасы соңғы 12 жыл ішінде қаншаға өзгергенін айқындады.
Қазақстанда оқу құны
ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі ұлттық статистика Агенттігі Бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2010–2011 оқу жылдарында бакалавриатта оқитын студенттер саны 620,4 мыңды құраған, олардың ішінде, грантта – 140, 5 мың студент. Ақылы негізде оқуға түскендер үшін ҚР университетінде оқудың орташа құны, шамамен 480 мың теңгені құрайды.
2015–2016 оқу жылдарының басында елде 127 жоғары оқу орны тіркелген, бакалавриатта оқитын студенттер саны 414,7 мыңды құраған. Олардың ішінде, грант иеленгендері 137,7 мың адам. Жоғары білім алу құны сол сәтте, орташа алғанда, 400-600 мың теңгені құраған.
2020-2021 оқу жылдарында, жоғары оқу орындарында оқитындардың саны 576,6 мың адамды құраған. Күндізгі бөлімшесінде оқу құнының, жылдық орташа бағасы - 825 мың теңге. Ал қашықта оқу жылының құны COVID-19 пандемиясы кезінде - 378,4 мың теңге болған.
2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны шамамен 600 мың адамды құраған. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны - 250 мың теңгеден бастап, 9 млн теңгеге дейін. Алматыда ең жоғары бағалар КИМЭП, КБТУ университеттерінде, ал Астанада Назарбаев университетінде. Оқу құны ең арзан университеттер Шымкент қаласында.
Жоғару оқу орнында оқуға ақша жинауға көмектесетін бағдарламалар
Қазақстанда және шетелде білім алу құны жыл сайын қымбаттауда, орташа алғанда, 14-20% дейін.
2010 жылдан бастап, кейбір елдерде, қазақстандық студенттері үшін оқу бағасы 10 еседен артық өскен.
2022 жылдың ІV тоқсанында, қазақстандықтардың орташа еңбекақысы 338 715 теңгені құраған. Атап айтқанда, баланың жоғары оқу орнындағы оқуына біржолғы төлем жасау кез келген қазақстандық азаматқа қолжетімді емес. Бұл жағдайда, университетке түсу қаражатын жалпы білім беру мектебін аяқтаудан бірнеше жыл бұрын бастау қажет. Сондай-ақ оқу құнының жыл сайынғы өсуін ескеру керек.
Баланың жоғары оқу орнында оқуына ақша жинау процесін жеңілдетудің бірнеше қолайлы әдістері бар. Оқу депозитін пайдалануға болады. Сонымен қатар 2023 жылдан бастап, білім берудің Мемлекеттік жинақтаушы жүйесі (ГОНС) шеңберінде қазақстандықтар үшін, өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы қолжетімді болды. Басқа өнімдерден оның елеулі ерекшеліктері бар, мысалы банк өнімдерінен, себебі сақтандырумен қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-анасы қайтыс болғанда немесе І және ІІ топ мүгедектің тағайындау нәтижесінде еңбек қабілеттілігінен айырылған жағдайда, сақтандыру бағдарламасы мерзімі ішінде жүзеге асыруға үлгерген, шарт бойынша білім беру қызметіне ата-анасымен жинақталған сомасынан тәуелсіз, төлем атқарылатын болады.
«ГОНС шеңберінде өмірді сақтандыру бағдарламасы бойынша қор жинау тәсілі мынадай: ата-анасы сақтандыру кезеңін белгілейді (3 жыл және одан астам), жарна сомасын және төлем атқару кезеңін анықтайды (айына, тоқсанына, жарты жылда бір мәрте, жылына бір рет). Содан кейін сақтандырушымен шарт жасасады, шартқа сәйкес мемлекет тарапынан 20 жылдан аспайтын мерзімге сыйақы есептеледі.
«Білім беру ерікті жинақтаушы сақтандыру (ГОНС) депозит ретінде жүзеге асырылады, кепілді жылдық үнемді ставкасы 8% шамалас. Бұл жағдайда, сақтандыру мерзімі ішінде жинақталған қорды, есеп сомасынан 5% мөлшерде, мемлекеттік сыйақы сомасына қарай жыл сайын ұлғаяды, оған төленген сыйақысы және заңнамамен реттелетін қаржыландыру табысы кіреді», деп түсініктеме берді Freedom Life ӨСК.