• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Сәуір, 2023

«Әлеуметтік кодекс» еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын айқындайды

340 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы ҚХА-ның кезекті сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің этносаясатымыз біртұтас болып, дәйекті түрде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ ғылыми тұжырымдарға негізделуі қажет. Осы саладағы тапсырмаларды орындау барысында менің сайлау алдындағы тұғырнамам және басқа да стратегиялық құжаттар басшылыққа алынуы керек. Мысалы, қазір әлеуметтік салада жүйелі өзгерістер жасалып жатыр.

Мен жақында Әлеуметтік кодекске қол қойдым. Мұндай маңызды құжат ТМД мемлекеттері ішінде алғаш рет қолданысқа енгізіліп отыр. Бұл кодекс еліміздің жаңа әлеуметтік саясатын айқындайды, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастың мүлде жаңа үлгісін қалыптастырады», деді Президент.

Бір сөзбен айтқанда, жаңа кодекс бүгінгі күннің талаптарымен мейлінше үндеседі. Сол сияқты этносаясат та мемлекеттің басымдықтарына толық сай келуі керек.