Кеше 62 адамнан коронавирус анықталды, тағы алтауы коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 252 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 155 пациент стационарда, 1 097 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 адамның жағдайы ауыр.