• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2023

Елімізде адами капиталды дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеу ұсынылды

397 рет
көрсетілді

БҰҰ жариялаған Адам дамуы индексі бойынша Қазақстан 2021 жылы әлемнің 191 елі арасында 56-орынға ғана ие болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдарға қарағанда төмен, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Адам капиталы - кез келген елде тұрақты экономикалық өсудің негізгі драйвері. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, дамыған елдердегі ұлттық байлықтың 70 пайызы - адам капиталы болса, қалған 30 пайызы - табиғи және өнеркәсіп ресурстары. Батыс Еуропада адам капиталының үлесі 70-80 пайызды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш – небәрі 40 пайыз», деді Олжас Құспеков Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында.

Депутаттың айтуынша, бұл көрсеткіштің төмендеуіне пандемия кезеңі әсер еткен. Елімізде адами капиталды дамытуға қатысты ортақ көзқарас жоқ, бұл саланы реттейтін бірыңғай стратегиялық бағдарламалық құжат та жасалмаған.

«Әлемдік тәжірибеде адамдарға инвестиция тамақтанудың, медициналық көмектің сапасын арттыру, сапалы білім беру, жұмыс орындарын құру және кәсіби біліктілікті арттыру арқылы жүзеге асады. Адами капиталды құруда ең жоғары жетістіктерге қол жеткізген елдер тұрақты күш-жігерде, министрлікаралық үйлестіруді орнатуда және стратегиялар мен бағдарламаларды дайындауда табысты болды. Осыған байланысты адами капиталды дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын», деді ол.