• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Баға 04 Мамыр, 2023

Бағаны бақылау тетігі

241 рет
көрсетілді

Бізде экономикамыздың белсенді дамуына, бәсекелестікке төтеп беруіне ықпал ететін, сонымен бірге монополистердің қызметтерін бақылап, реттейтін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) деген Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін үлкен құрылым бар.

Азық-түлік бағасының шарықтай беруіне байланысты жуырда осы қыз­­меттің қаншалықты тосқауыл қо­­йып жатқанын білмек ниетпен Сол­­түстік Қазақстан облысындағы де­партаментінің басшысы Марлен Хамзинге жолыққан едік.

2022 жылды тұтастай алғанда департамент әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік тауарларын қант, тауық жұмыртқасын көтерме сату, көмір нарығы, автокөлікке ар­нал­ған мұнай өнімдері, сұйытылған газ сату, т.б. бағалар бо­йын­­ша 39 талдау жасаған екен. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінен қарақұмық жармасының, бар­лық са­нат­тағы тауық жұмыртқасы мен макарон өнімдерінің бағасына 8 тал­дау жүргізген. Сондай-ақ отын сү­регін көтерме және бөлшек саудада сату, санитарлық қызметтер көрсету, скринингтік зерттеулер қызметтерінің бағасына да шолу жасаған.

Бүгінгі таңда нарық субъектілерін бәсекелестік тәртіпке ынталандыра­тын жағдайлар жасалған, соған сүйен­ген монополияға қарсы орган ес­кертулерге жүгі­не алады, ал нарық субъек­ті­лері бұ­зу­­шылықтарды жою, бәсеке­лес­тік­ті қал­пы­на кел­тіру бойынша мін­дет­те­ме­лер­ді өз ер­кімен қабылдай алатынын айта кеткен жөн.

Жүргізілген талдаулардың нәти­же­лері бойынша монополияға қарсы орган 2022 жылы 46 хабарлама жа­сап­ты, оның 44-і толық көлемде орын­­далған.Мысалы, «Қант-СК» ЖШС және «Козлова Н.А.» ЖК-ге қант бағасын белгілеу мен қол­дауда көрсетілген бұзушылық белгі­лерінің бар екендігі туралы хабар­ла­ма берілген. Осы екі хабарлама толық көлемде орындалып, «Қант СК» ЖШС қанттың бағасын 333 теңгеден 313 теңгеге, яғни 6%-ға, ал «Козлова Н.А.» ЖК қант бағасын 333 теңгеден 316 теңгеге дейін, яғни 5%-ға төмендеткен. Сондай-ақ «Бер­кат» ЖШС, «Богатырский продукт «Север» ЖШС, «Петропавл нан-тоқаш комбинаты-диірмен» еншілес ұйымы» ЖШС кебек бағасын белгілеу кезінде келісілген іс-әрекеттер бөлігінде бұзу­шы­лық белгілерінің болуы туралы хабарламалар енгізілген екен, олар ескертуді ескеріп, кебектің бағасын бір тонна өнім үшін былай төмендеткен:

- «Беркат» ЖШС 70000 теңгеден 57000 теңгеге дейін;

- «Богатырский продукт «Север» ЖШС 80000 теңгеден 50000-77000 теңгеге дейін;

- «Петропавл нан-тоқаш комбинаты-диірмен» еншілес ұйымы» ЖШС 68000 теңгеден 57000 теңгеге дейін;

Ал үстіміздегі жылдың ақпан айын­да «Сұлтан» АҚ-на нарықтағы үстемдік жағдайын пайдаланып өз өнім­дерін негізсіз сатпағандығы үшін ескерту берілген, осыдан кейін кәсіп­орын өзінің міндетін дереу толық орын­даған.

Сонымен қатар департамент былтыр астыртын сөз байласу арқы­лы қатысушылар медициналық жарақ­­тарды мемлекеттік сатып алу кон­кур­­сы­ның қорытындысында «РА» ЖШС-на, сондай-ақ тұқымды сарап­тау қызметі бойынша конкурста «Зерно­АгроЭкспорт» ЖШС-на жеңісті алып бергендігін анықтаған. Осы істер бо­йын­ша қазір сот үдерістері жүруде. Ал бірінші категориялы жұ­мырт­қа са­тумен айналысатын «Фир­ма Алекра» ЖШС мен «Әділ құс» ЖШС-на қарсы бағаны анықтау мен ұстауда бұзу­шы­лық­қа жол бергені үшін 2 тергеп-тек­серу ісі қозғалған. Оның қоры­тын­дысы бойынша осы екі кә­сіпорын әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, айып­пұл төледі.

Солтүстік Қазақстан облысы аума­ғын­да автокөліктерге сұйытылған газ са­татын «Рока», «Райгаз», «Пром­газ», «Аль-НҰР Газ» ЖШС-на қа­тыс­ты облыс прокурорының берген ұйға­ры­мына сәйкес тексеріс жүр­гі­з­іліп, осы кәсіпорындардың бұзу­шылық жаса­ға­ны анықталған, соның нә­ти­же­сін­де әкімшілік жауап­кер­ші­лікке тартылып, бәрі де айыппұл төле­ді, артық табыстары қайтарып алынды.

Барлық тексерістердің нәти­же­­сін­де монополияға қарсы орган 132 млн тең­ге­нің айыппұлын сал­ған, оның негізгі бөлігі қазірдің өзін­де бюджетке түскен. Агенттіктің биыл­ғы жұ­мыс жос­парына сәйкес «Сол­­түстік-Қа­зақстан әкім­дігінің муни­­ципалдық теле­радио­ка­на­лы» ЖШС, «Карат-Прог­ноз» ЖШС, Петропавл қаласының тұр­ғын-үй қызметі» ЖШС бәсекелестік ортаға беріледі. Марлен Хамзиннің айтуы­на қарағанда БҚДА департаменті қолдан келгенінше бәсекелестікті арттыру ісіне қамқорлық жасап келеді. Со­ның бір мысалына кедергілермен күрес кеңесінің, яғни краудсорсинг алаң­ының құрылғанын айтуға болады. Оның құрамына азаматтық қоғам мүшелері, кәсіпкерлер, «Атамекен» ҰКК өкілдері және монополияға қарсы күрес органының қызметкерлері енген. Былтырғы 7 отырысында кеңес Мем­ле­кеттік сатып алу және Кәсіп­кер­лік ко­дексіне көптеген өзгертулер мен түзетулер ұсынған еді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы