• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 12 Маусым, 2023

Егін – ел ырысы

2243 рет
көрсетілді

Бүгінгі күнге келіп түскен облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде толық аяқталды. Бұл жөнінде Үкіметтің кезекті отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

Биыл әкімдік­тер­дің дерек­те­ріне сәйкес жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың­ гектарға көп. Оның ішінде жаз­дық­ егіс алқабы – 20,9 млн гектар. Майлы дақылдар алаңы бойын­ша бо­йынша жос­пар 3,3 млн гектарды құрады, жұмыстар 3,3 млн гектардан аз алаңда немесе жоспардың 97,4%-ы аяқ­талды. Өткен жылмен салыс­тыр­ған­да майлы дақылдар алқабы Сол­түстік Қазақстан облысы бойын­ша 50 мың гектарға, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша 17,4 мың гектарға және Абай облысы бойынша 12,4 мың гектарға ұлғайтылды. Ақтөбе облысында майлы дақылдар алқабы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Батыс Қазақ­стан облысында 37,5 мың гек­­­тарға дән сіңірілді, алаң 16 мың гектарға қысқарды.

Картоп егу толығымен аяқ­тал­ды,­ егіс алқабы 6,7 мың гектарға ұл­ғай­­тылып, 197,5 мың гектарға жет­т­і. Қант қызылшасының ау­да­ны 19 мың гектарға дейін жет­кі­зіл­ді. Бұл 2022 жылғы деңгейден 7,4­ мың гектарға көп. Мақта 111,4 мың гектарға егілді. Бұл жос­пар­­дағы көрсеткіштен 15 мың гек­тар­ға аз. Күріш 97,3 мың гектар алаң­ға егілді. Бұл жоспардағы көр­сет­кіш­тен 2,3 мың гектарға көп.

Су­ тап­шы­лығы қаупі бар екенін ес­­кере отырып, Эко­ло­гия және та­­биғи ресурстар министр­лігінен Қы­­зылорда және Түркіс­тан об­лыс­­­­­та­рын судың қа­жет­­ті­ көле­мімен қамтамасыз ету­ жө­­нін­де уақтылы шаралар қабыл­да­у­­ сұра­­лады.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүр­­­­­гі­зуге, ауыл шаруашылығы та­­­уарын өндірушілерді тұқым­мен­­, агро­химиямен, техника­мен­­­ қам­та­ма­сыз етуге, қар­­­­­жы­­лан­ды­ру­ға бай­ланысты бар­­­­лық мә­се­ле­­лерді үй­лестіру мақ­­­с­а­тында Рес­­пуб­­ли­ка­лық­ жедел штаб құ­рыл­­ды.

Егісті қамтамасыз етуге ауыл шаруашылығы тауарын өн­ді­­­ру­­ші­­лер қалыптастырған 2,4 млн­­ тон­­на көле­мінде тұқым қоры бар. Заңнамада көзделгендей тұ­қым­­­дарға сараптама жүргізілді. Тек­­­­­­серілген тұқым көлемінің 99,9%-ы­­ кондициялы деп таныл­ды,­­­­ де­­­мек егу стандартының 1 жә­­­не 2-сы­­­ныбына сәйкес келеді. Тұ­­­қым жет­­­кізуде ешқандай мәсе­ле­­­ бол­­­ған жоқ.

Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трак­тор,­­ 4,9 мың­нан астам жоғары өнім­ді егіс ке­шендері, сондай-ақ 76 мың сеп­кіш­ жұмыс істеді. Сон­дай-ақ шаруа­лар егіс егуге арзан­да­­тылған дизель отынымен қам­та­масыз етілді. Ақпан-маусым ай­­ла­рына шамамен 419,0 мың тон­на дизель отыны бөлінді, бұл өт­кен жылмен салыстырғанда 19 мың­ тоннаға көп. Шаруалар егіс егуге арзандатылған жанар-жа­ғармаймен қамтамасыз етілді. Ақпан-маусым айларына шамамен 419,0 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға көп. Дизель отынының шекті рұқсат етілген бағасының өсуіне қарамастан, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне баға өзге­ріс­­сіз қалды. Қазіргі уақытта ми­нис­трлік егін жинау науқанын жүр­­гізуге арзандатылған дизель­ оты­­нына қажеттілікті қа­лып­­тас­­­ты­рып жатыр. Ауылша­руа­шы­лық та­уар­­ өнд­­ірушілеріне ди­зель­ оты­­­ны­ның қажетті көлемін қа­­лып­тас­­тыру және сату алғаш рет­ суб­сидиялаудың мемлекеттік ақ­па­раттық жүйесіндегі модуль база­­сында, электрондық нысанда жүзеге асырылатын болады.

Биылғы жылға шамамен 704 мың­­ тонна тыңайтқыш енгізу жос­пар­­­ланған. Осыған субсидиялар алу бойынша бар­­лық проблемалық мәселе ше­шіл­ді, төлем өңірлерді қар­жы­лан­­­дыру жоспарларына сәйкес жүзе­­ге асырылады. Бүгінгі таң­да фер­­мерлерге 464,7 мың тоннадан ас­­там тыңайтқыш жө­нелтілді, бұл өт­кен жылмен­ са­лыстырғанда 68,7 мың­ тон­наға ар­тық. Шаруаларды қар­жымен қам­та­масыз ету үшін биыл «Кең­ дала» бағ­дар­­­ла­масы бойынша 140 млрд тең­ге қарас­тырылып отыр.

Осымен биылғы егіс науқаны өз­ мәресіне жетті. Ол жан-жақты жос­­­­­парланған, барлық ықтимал қа­­уіп-қатер қамтылған жағ­­­­дай­­да жүргізілді. Дән-дақыл­дар­­­­дан, қажетті құрал-жаб­дық­,­ тех­ни­кадан, ең бастысы, қа­ра­­­­жат­­тан қысылушылық, тап­­­­шы­лық­ болған жоқ. Шаруа бақ­­­қан ел­ енді еңбегінің жемісін кү­­­те­ді. Еңбекқор қауымның адал­ ние­­тіне табиғат, ауа райы­ның­­­ рақымы қосылса, биыл да азық­­-түліктің қалыпты, мол қоры жа­салады деу­ге­ толық негіз бар.