• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Әдебиет 14 Маусым, 2023

Тәрбие көзі – көркем әдебиет

611 рет
көрсетілді

Көркем әдебиетті оқыған адам үлкен адамгершілік мектептен өтеді. Көркем шығарма жүрекке сәуле түсіріп, ар-ұжданыңды оятатын қасиетке ие әрі жақсылыққа үндейтін ізгі досың секілді.

Айталық, «Қазақтың көркем әде­биетін оқу арқылы мінезімді түзе­­дім» дейтін замандастар бар­шы­­лық. Олардың көбісі әдеби шығар­ма­­­лар­дағы басты әрі жағымды кейіп­­­кер­лерді үлгі етеді. Қаламгер сурет­теген кейіпкердің бойындағы жақ­­сы қасиетті көргісі келеді, сондай-ақ қиын­­шылыққа мойымауды, сабырлы, шы­дамды болуды үйренеді.

Қазіргі таңда батыстың кітап­та­­рына сұраныс көп, алайда алыс­тан дорба­ламай-ақ өзімізде жатқан сан­дық-сан­дық бай мұраларымыздың көзін ашып, жаң­ғыртып, насихаттап, лайықты деңгейде тұтынсақ, нағыз қазақы тұнық тәрбиеден нәр алған болар едік.

Жақсы шығарма ғана оқырманның жүрегіне ізгі қасиеттің дәнін сеуіп, адам жанын тәрбиелей алады.

Бүгінде жастардың дені «Қош бол, қиындық!», «Мен және ақша», «Баю ғылымы», «Өмірге шексіз ғашық» «Бай әке, кедей әке», «Ең бақытты әйел», «Күнкөрістен кет, байлыққа жет» деген сынды кітап­тарды оқитынына қарап, көркем әдеби туындылар мотивация­лық, пси­хологиялық, қаржылық сауат ашу, тағы басқа да бағыттарда жа­зылған кітаптардан кейінгі орында тұр­­ғанын түсінесің. Жастардың атал­ған бағыттағы кітаптарға әуес бо­луының себебі көп. Бірі әлгі кітаптар деп­рессиядан шығарады десе, тағы бірі қаржылық қиындықтардан, басқа да сәтсіздіктерден құтқарады деп есеп­тейді. Екінші біреулер инстаграмда «аттандаған» блогерлердей өмір сүруді, солар секілді қыдыру, киіну, тамақ ішуді өмірлік мұрат санап, осы орайдағы ақыл-кеңестер жазылған әлгіндей кітап­сымақтарға құмар келеді.

Иә, байлыққа жетудің, депрессиядан шығу жолын іздестірудің, жайлы өмірге ұмтылудың еш айыбы жоқ шығар, бірақ бұл рухани кемелдікке бастайтын жол, амал емес.

Осы орайда өмірдің мәнін байлық пен тоқтықтан іздейтін жастар рухани жұтаңдыққа душар болмаса екен дейсің. Өйткені жастар «ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деп, «ұлтымның бір қажетіне жарасам» деп, жалындап тұрса керек-ті.

Шынында, бүгінде көп жастың болмашыға күйзеліп, сынып қала­тыны, психологиялық тұрғыда әл­сіз болуы өмірдің мәні рухани бай­лық­та жатқанын ұқпай, оған қа­рай ұм­тылмауында жатыр. Ал рухани бай­лық, толымды тәрбие, мық­ты азамат болып қалыптасу дәрісі­нің қай­на­ры қазақтың көркем әдебие­тін­де бұр­қылдап қайнап жатыр емес пе. Сон­­дықтан қазақ әдебиетінің құді­рет-күшіне, әлеуетіне иек артып өсу,­ же­тілу барша жастарға міндет бо­­луы керек. Сонда ғана жастарымыз қал­­тасы қалың болғанымен, кеу­десі қуыс біреу емес, елі сүйіп, жұрт ар­­дақ­­­тайтын абзал адам болып қалып­тасады.

 

Тұмар ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ студенті