• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Тамыз, 2023

Мектеп формасына қаржы бөлінді

358 рет
көрсетілді

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын ата-аналар үшін қауырт науқан басталары сөзсіз. Әсіресе қымбатшылық қысып тұрған тұста балаларды бүтіндеудің проблемасы азая қоймасы анық. Осы түйткілді мәселенің түйінін тарқату үшін өңірлерде оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асып жатыр.

– Ел Үкіметінің мем­ле­кет­тік білім беру ұйымдарының мем­­ле­кет­тік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы­лардан, сондай-ақ мемле­кет­тік атаулы әлеуметтік кө­­мек алмайтын, жан­ басына шаққандағы табысы ең тө­­менгі күнкөріс деңгейінің ша­­масынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қам­қорлығынсыз қалып, отба­сы­ларда тұратын балаларға, тө­тен­ше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шық­­­қан балаларға және өзге де санат­тағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қар­жы­лай және материалдық кө­мек көрсетуге бөлінетін қара­жат­ты қалыптастыру, жұмсау бағы­ты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы қаулысына сәйкес, 2023 жылға әлеуметтік қорғалмаған о­тба­сы­­лардан шыққан 52 305 оқу­шыны мектеп формасы­мен және кеңсе керек-жарақ­тарымен қамтамасыз ету үшін 2,1 млрд теңге бөлінген. Әр балаға 40 567 теңгеден келеді. Бүгінгі таңда 1 178 оқушының ата-анасының жеке есеп шотына әр балаға 40 567 теңгеден қаражат ауда­рылды. Қалған 51 127 оқу­шы­ның ата-анасының жеке есеп шотына тамыз айының 15-не дейін қаражат аударылатын болады, – деді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы С.Беспаева.

Балаларды мектеп формасымен және оқуға қажетті кеңсе тауарларымен толық қам­та­ма­сыз ету мақсатында осы жылғы та­мыздың 12-і күні Есік қа­ла­сында, 19 тамызда Талғар қа­ла­­­сында отандық тауар өн­діру­­­шілердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелері ұйым­дас­ты­ры­лады.

– Жаңа оқу жылында 7 балам Талғар қаласындағы Абай атындағы №3 орта мектепке барады. Оның барлығын ке­рек-жарақпен қамтамасыз етуге шамамыздың келмесі анық. Сол себепті Үкіметтің және қа­йы­рым­ды азаматтардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Өйткені баға шарықтап тұр. Аяқкиім бағасы 20 мың тең­геден жоғары болмаса, төмен емес. Санап беретін қалам-дәптердің де бір тоқ­санға жеткіліксіз. Был­тыр бюджеттен әр балаға 37 мың теңгеден бөлінген. Оны са­бақ­қа кіруге бір күн қалғанда қо­лымызға ал­ған­быз. Биылға құжат өткіздік, тамыздың 15-іне дейін түседі деп уәде берді. Бұған да шүкіршілік етеміз, – деген 12 баланың анасы Гүлназ Отынбекованың мектеп жасындағы жеті баласының үлкені 11-сыныпқа барса, үй­дегі оныншы бала, яғни 7 жасар Әмина 1-сыныптың табал­ды­ры­ғын аттайды.

Жалпы, жаңа оқу жылында Алматы облысы бойынша 1-сыныпқа 38 700 балдырғанды мектепке қабылдау жоспарланып отыр. Былтыр 37 015 бала мектеп табалдырығын алғаш аттаған болатын.