• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Зерде 15 Тамыз, 2023

Бұқардың жыры – бұқараға аманат

304 рет
көрсетілді

Бұқар жыраудың 355 жылдығы Арқа жерінде айтарлықтай атап өтілді. «Бұқарекең жырлайды» атты республикалық фес­ти­вальге елдің түкпір-түкпірінен жиырмадан астам жыршы-жырау келді. Фестиваль Бұқар бабаның атындағы ауданның Ботақара кентінде басталып, нүктесі кеншілер шаһарында қойылды.

Облыс орталығындағы фес­тиваль жалғасы конференцияға ұласты. Алыс-жақыннан келген жыраулар Бұқар бабаның шығармашылығы хақында ой алмасты. Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің профессоры,­ жырау Алмас Алматов Бұқар баба мұрасының бүгінгі қоғам­да­ғы өзектілігі жайында: «Бұ­қар­ жырау – бүтін қазақтың, Алаш бірлігінің күретамыры. Шығар­ма­шылығында елдік мәселе қозғалады. Ұлт болып ұйысудың маңызын өзінің жырларымен жет­кізген. Ол хан алдында да, қара алдында да тайсалмай сөй­ле­ген. Бұқар жырау біздің 1000 жылдық мәдениетімізді бойына сіңіріп, соны жырларына арқау еткен. Баба жырлары өзектілігін әлі жоғалтпады. XXI ғасырға жеткен мұралары ұлтқа бағыт-бағдар нұсқарына күмән жоқ», деді А.Алматов.

Маңғыстау облысынан арнайы келген Амандық Көмеков те Көмекей әулиенің халықтың мұңын ашық айтқанын, сол кез­дегі саяси мәселелерге бел­ шешіп араласқанын атап өтіп, мұндай қайраткерлердің ғасыр­лар бойы дәріптеле беруі керек­ті­гін жеткізді.

Қала тұрғындары Қараған­ды­ның орталық саябақ сахнасында еліміздің әр қиырынан келген жыраулар өнерін тамашалады. Бұл мерекелік іс-шараның ерекшелігі – Бұқар толғаулы әр өңірдің мақамында жырланды. Жыршы-жыраулардың көшін бас­тап келген Алмас Алматов өзінің төл толғауын орындап берді. Қызылордадан келген Ұлжан Байбосынова Бұқар жыраудың толғауын Сырдың мақамына са­лып айтты. Айтыскер ақын, жыршы Дидар Қамиев Арқаның мақамымен толғады.

Бұқар жырау фестивалі осы­дан­ он шақты жыл бұрын айтыс­кер­ ақын Айтбай Жұма­ғұловтың бас­­та­ма­сымен қолға алынған еді. Со­дан бері жыл сайын дәстүрлі түр­­де өтіп келеді.

«Бұқарекең жыр­­лайды» фес­­тивалі 2008 жыл­­дан бері өт­кі­зіліп келеді. Бұқар жырау­дың­ 350 жылдығы бес жыл бұ­рын­ халықаралық дең­­гей­де­ дүр­кі­ре­ген еді. Биыл 355 жыл­ды­ғы рес­публикалық ау­қым­да ұйым­д­ас­тырылды», деді фес­ти­валь ұйым­дастырушысы Айт­бай Жұма­ғұ­лов.

Фестиваль қорытындысы бо­йын­ша қатысушыларға арнайы сый­лықтар мен Алғысхаттар табыс­талды.

 

Қарағанды облысы