• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2023

Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның мәйіті табылды

419 рет
көрсетілді

Түркістан облысында құтқарушылар Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың мәйіті табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар бар», делінген хабарламада.

Осы ретте ведомство қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын ескертті.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат дүйсенбі күні түнде жария болды. Отырар ауданындағы Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен тараған 4 отбасы мүшелерінің демалысы қайғымен аяқталды. Демалуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен.