Алматыда электронды темекіні заңсыз сатқандар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Олар қалада электронды темекіні заңсыз сатқан қойма үй-жайларды анықтады.
Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.