• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Құқық 15 Қыркүйек, 2023

Мәдениет пен әділет

124 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елі секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Рас, ізгілікті қоғамның іргесі әділдіктің салтанат құ­­­­руы­мен нығаяды. Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған әуелден басымдық танытып, сайлауал­ды тұғырнамасына ұстын бол­ған үш ұстанымының бірін әділдік деп атады. Биыл­ғы Жолдауында да бұл мә­се­леге ерекше мән беріл­ді. Әділдікке бастайтын қа­дам – жемқорлықты түп-та­мы­ры­мен жою. Президент ел тізгінін ұстағаннан кейін ха­лық­қа берген уәдесіне берік болатынын айтып, ұлықтау рә­сімінде он негізгі бағытты белгіледі. Соның қатарында сыбайлас жемқорлыққа қар­сы тиімді іс-қимылдар назар­ға алынды.

Бірақ бәрін өзімізден бас­тауымыз керек екенін естен шығармаған жөн. Бүгінде аудандық тарихи-өлкетану музейінде жемқорлықтың алдын алу мақсатында жыл са­йын арнайы жоспар әзірленіп, сол бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

Музей қызметкерлерінің жиындарында жемқорлықпен күресуді әркім өзінен бастау керектігі тұрақты ескертіледі.  Музейге келуші­ле­рімен жемқорлық мәселесі туралы дөңгелек үстел ұйым­дас­тырылып, іс-шара кезінде олар өз пікірлері мен ойларын ашық білдірді.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағ­дайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып бірі­гіп, бел­сенділік танытуы­мыз қа­жет. Яғни пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде са­налатындай қоғамдық са­на қалыптасуы қажет. Па­ра­қорлық мемлекеттік ап­па­­раттың қалыпты қыз­мет етуіне бөгет болып, билік және басқару орган­да­рының бе­­деліне нұқсан келтіретіні сөзсіз. Заңдылық қағи­да­ла­рын жоққа шыға­рып, аза­мат­тардың конститу­ция­лық құ­қық­тары мен заңды мүд­де­­ле­ріне қысым жасайды.

Егер сыбайлас жем­қор­лық жойылса, халық­тың би­лік­ке сенімі пайда болып, кү­дік те сап ты­­­йылар еді. Сон­дық­тан еліміздің әрбір аза­маты Конституцияны, құ­қы­қ­­тарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қа­сиетіне құрметпен қарау­ға тиіс. Сонда ғана жем­қор­лыққа жол берілмейді. Әри­не, жемқорлық дәрі бе­ріп ем­дейтін сырқат емес. Сон­­дықтан оның алдын алып, қоғамнан жойып, оның ұл­ғаюы­на жол бермеуге бір­лесе оты­рып жұмыс жүр­гізген жағ­дай­да ғана оң нәти­же болады.

 

Төле НАРЖАНОВ,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану

музейінің қызметкері

 

Жамбыл облысы