• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Қазан, 2023

Уран мен мұнай акциясына сұраныс артып келеді

251 рет
көрсетілді

Кейінгі уақытта елімізде уран мен мұнай бағасының құбылуы «ҚазМұнайГаз» бен «Қазатомөнеркәсіп» акцияларына сұранысты арттырып отыр.

Оған себеп, өткен айдың басынан бері уран өндірушілер – 33%-ға, ал мұнай өндіруші ком­па­­ниялардың акциялары – 8%-ға­ рекордтық деңгейде өскен.

Ұсынылған ақпарат көздеріне қарағанда, шетел валютасына деген сұраныс ұсыныстан тағы да асып түсіп, USD/KZT бағамының айтар­лықтай өсуіне әкелген. Сауда-саттық нәтижесінде орташа сара­ланған бағамы бір дол­ларға 477,05 теңгеге (+3,06 теңге) дейін көтеріліп, сауда көлемі 173,1 млн долларды (+50,5 млн) құра­ған. Шетел валютасын сатып алу ішкі факторлардың әсерінен мәсе­лен,импорт үшін төлем, сыртқы міндеттемелерге қызмет көр­сету, айырбас бағамындағы күту­лерді қайта қарау, сонымен қатар мұнай бағасының төмендеуі, инвес­тор­лардың тәуекелден бас тартуы мен жаһандық доллар индексінің нығаюынан болғанға ұқсайды.

Ақша нарығының инди­кативтік бағам­дары біршама өзгеріп,TONIA 17,06-дан 17,13%-ға дейін өссе, SWAP 12,28-ден 12,22%-ға дейін төмен­деген. Сауда көлемі жыл бас­ы­нан бері орташа мәннен (817 млрд) айтарлықтай жоғары болып, 1,4 трлн теңгені (35 млрд теңге) құра­ды.

 Ұлттық банк ұсынған апта сайынғы депозиттерге қарағанда нарықтық сұраныс төмен болып (92 млрд теңге), 16,5% жылдық базалық мөлшерлеме кірістілікпен толық қанағаттандырылған. Осыған орай, ашық позиция Бас банктің нарық алдындағы таза қарызы 4,3 трлн теңге жақындапты.

Қор нарығы бойынша KASE индексі 4 053,5 тармақты (+0,75%) құрап, ең жоғары деңгейде қалып­тасты. «Қазатомөнеркәсіп» (+3,9%) пен ҚМГ (+2,1%) үлесі шикізат нарығындағы өсімнің негізгі драйверін құрады деуге болады.

Әлемдік нарықта АҚШ-тың негізгі қор индексі федералды­ үкіметтің тағы да жабылу ықти­мал­дылығының артуы мен әлсіз макростатистика аясында 1,1-1,6%-ға құлдырағанын көрсетіп отыр. Жарияланған макростатис­ти­ка тұтынушылардың сенім индексі бойынша қыркүйек айында бұрынғы 108,7 тармақтан 103 тармаққа дейін төмендеген.

Brent мұнайының баға белгі­леулері сауданы құлдыраумен (0,92%) аяқтап, барреліне 92,4 долларды құрады. Нарықтың өсу үрдісіндегі үзіліс әлемдегі экономикалық жағдайдың нашарлауымен сұраныстың төмендеуіне, сондай-ақ COVID-19 салдарынан болғандығын айтады.

Сауда нәтижесі USD/RUB жұбының бағамы бір доллар үшін 96,38 рубльге дейін өскен (+0,15%). Мұндай динамика­ қыркүйек айындағы салық кезеңінің соңғы күндерінде шетел валютасын сату­шылар белсенділігінің төмен­деуімен байланыстырады. Ресей аза­маттары үшін инфляциялық күтулер қыркүйекте 0,2 % тармаққа өсуді жалғастырып, 11,7%-ды құрағаны бар.