• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 06 Қазан, 2023

Биометриялық сәйкестендіру – тиімді жол

412 рет
көрсетілді

Мемлекеттің кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде «жалған» шот-фактураларды жазып беру тәуекелінің ең жоғары ықтималдылығы бар компанияларға қатысты биометриялық сәйкестендіруді пайдаланбақ. Тауарларды нақты сатпай немесе жұмыстарды орындамай құжаттарды ресімдеу адал бизнес үшін қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне қауіп төндіреді.

Салық органдары тек 2021 жыл­дан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде компанияларды тіркеуге және шот-фактуралар­ды жа­зып беруге қатысы жоқ 2,6 мың­­­нан аса құрылтайшы мен бас­­шы анықтады. Осы және басқа да не­гіздер бойынша сот органдары тір­кеуді және қайта тір­­кеуді жарамсыз деп тану туралы 3,9 мың­ға жуық шешім шығарды. Шот-фактура­лар бойынша жалған айна­лым сома­сы ­ 1 трлн теңгеден асты.

«Тауарларды нақты сатпай не­месе жұмыстарды орында­май қар­жылық құжаттарды ресім­деу фак­тілері анықталып жатыр. Бұл ретте әкім­шілендіру бары­­сында мұндай «формальді» басшылар оларға ком­паниялар­дың тіркелгені және олардың аты­нан шот-фактуралар жазып берілгені туралы алғаш рет естіп отырғаны белгілі болды», деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Цифрлық жоба биометрия­лық сәйкестендіруді тек ерекше жағ­дайларда және жоғары тәуекел дә­режесінде қолдануды көздейді. Элек­трондық шот-фактураларды жа­зып беретін компаниялар­дың шамамен 1 пайызын қамтиды. Digital-ID шарасы бизнесті шек­темейді: оны күніне бір рет кез келген ыңғайлы уақытта өту керек.

Салық органдары биомет­рия­лық деректерді жинамайды, тексеру электрондық үкімет порталында пайдаланылатын сервис­терде жүзе­ге асырыла­ды. Елімізде мемлекет­тік қыз­меттер­ді алу кезінде осыған ұқсас технологияны қолданғанына екі жылдан аса уақыт болғанын атап өту қажет.