• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қазан, 2023

Астанада пара хоккейден әлем чемпионаты мәресіне жетті

104 рет
көрсетілді

Астана қаласында пара хоккейден елімізде алғаш рет өтіп, мәресіне жеткен әлем чемпионатына Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония Қазақстан құрамалары, яғни 6 команда қатысты, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылы ғана құрылған команда бір жыл ішінде С дивизионында 2-орын алып, жоғарғы лигаға үмітті болды. Дегенмен жарыс барысы Қазақстанның лайықты деңгейін көрсетті. Біздің құрама В дивизиондық орнын сақтай отыра, доданы сәтті тәмамдады. Ендігі жоспарымыз 2024 жылы В дивизионының кезекті ойындары өтеді. Әзірге біздің мақсатымыз – әлем чемпионатына жақсылап әзірленіп, биылмен салыстарғанда жоғары нәтиже көрсету», дейді Қазақстан ұлттық құрамасы кеңесшісі Николай Шаршуков.

Қазақстан спортшылары сайыстың соңғы ойынында Ұлыбритания командасын 4:3 көрсеткішімен ұтып, турнирдің жалпы рейтингінде төртінші орынға табан тіреді.

Чемпионат нәтижесі бойынша Жапония мен Словакия құрамалары А-pool пара хоккейден әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Аталған турнирдің ұйымдастырушылары – Туризм және спорт министрлігі, SportQory, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» қоры, Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитеті және Астана қаласының спорт басқармасы.