Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Асхат Тағыберген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары Асхат Тағыберген, Бахтиёр Зайнутдинов және Максим Самородов «Ерен еңбегі үшін» медаліне лайық деп танылды», деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталған азаматтардың тізімін жариялаған едік.