Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның пара жеңіл атлетика спортшысы, бірнеше республикалық жарыстардың жеңімпазы Айсұлу Сүлейменоваға «Шапағат» медалі табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын екі аяғынан айырылған Айсұлу Сүлейменова қазір Қазақстанның Паралимпиада құрамасында жаттығады. Ол Қарағанды облысының Ботақара ауылында дүниеге келген.