• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Байқау 24 Қазан, 2023

Қыздарға әсемдік жарасады...

290 рет
көрсетілді

Қазақ халқы қай кезде де қы­лықты қызын төрге шы­ғарғаны әлім­сақтан аян. Тіпті иы­ғынан төгіл­ген қос бұ­рымына түрлі ат қойып, жалғыз бұрым, қос бұрым деп атаған.

Республика күні мерекесі аясында Тараз қаласы әкім­дігі мен қалалық ардагерлер кеңесінің бірлесе ұйым­дас­тыруымен «Қыз­дарға әсемдік жарасады» атты мақтаулы, шашбаулы ару­лар ара­сында байқау өтті. Іс-шараға арнайы қатысқан Та­раз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов байқаудың ма­ңы­зына тоқталды.

«Расында да, қазақ хал­қы қыз баласын қатты қадір­леген. Тіпті бабаларымыз нәзік жан­дылардың бойынан әрдайым сұлулықпен қатар әдептілікті, иман­ды­лықты іздеген. Сұ­лу­­лардың бойына сол ізгі қасиеттің бәрін ардақты ана­лар да­рытып отырған. Республика күні мерекесі аясында өткізіліп отырған «Қыздарға әсемдік жарасады» байқауының тағылымы тереңде жатыр. Байқау барысында аруларымыздың бойына­н түрлі өнердің ұшқынын аң­ғардық. Қазақ аруына тән дәс­­түрдің жал­ғасын көрдік. Осындай іс-шаралар кезінде қа­ра­көз қарындастарымыздың та­нымы мен білімін, бойға жи­ған әдебі мен иманын бай­қай­мыз. Сол тұрғыдан кел­генде бай­қау көптің көңі­лінен шық­ты», деді Д.Дәулетов.

«Мен қазақтың қызымын дара туған», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Білікті қыз», «Қыз өссе, елдің көркі» сынды кезеңдерден құралған байқау қорытындысында Та­раз инновациялық көпсалалы кол­леджі­нің үміті Дамира Мейір­құлға бірінші орын бұйыр­са, М.Х.Дулати атын­дағы Та­раз өңірлік уни­вер­ситеті аты­нан сынға түс­кен Қарақат Мей­рамбек екінші орынға, Ш.Мұртаза атын­дағы Тараз инно­­вациялық инс­титутының студенті Ба­фаруза Балтабай жүл­­делі үшінші орынға лайық деп та­нылды. Сондай-ақ бірнеше қатысушы арнайы аталымдар бойынша марапатталды.

 

ТАРАЗ