• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Пікір 06 Қараша, 2023

Дамудың жаңа кезеңі

177 рет
көрсетілді

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы, одақтастығы – түбі бір, тілі ұқсас, ділі туыс, діні ортақ, бауырлас мемлекеттердің тәуелсіздігін, тұтастығын сақтаудың бірден-бір алғышарты.

Қазіргі таңда жаңаша ықпал­да­судың заманы келді. Егер әрбір түр­кітілдес ел бір-бірімен байланысын одан әрі нығайтып, халқы да ынтымақтасатын болса, болашақта әлеуетті одақ құрып, үлкен саяси және экономикалық күшке, ең бастысы, әлеуметтік, рухани кеңістікке айналуға әбден болады.

Саммитте қауіпсіздік, экономика, саяси интеграция және көлік коммуникациясы әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды. Түркия мен Әзер­бай­жан президенттері өз сөзінде кө­лік дәлізінің қажеттігіне тоқталды. Транс­каспий дәлізін құруға бауырлас түркі елдері ғана емес, Қазақстан да мүд­делі. Демек барлығының мұраты ортақ.

Қазіргі күрделі кезеңде көлік-транзит коммуникациясының әлеуетін арттыру және оның мүмкіндігін барынша пайдалану аса маңызды. Себебі біздің мемлекеттеріміз Ба­тыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті тікелей байланыс­тырады. Қазақстан, Әзербайжан, Түркия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі – соның жарқын мысалы.

Әзербайжан да, Қазақстан да құрылықтағы, аумақтағы жағдайдың тұрақталғанына мүдделі. Екі тарап­тың да бейбітшілікті қуаттайтын берік ұстанымы бар. Тек осындай басқосулар арқылы біз геосаяси ахуал­дың ықпалын азайтамыз. Жалпы, Еуропаға қарағанда Азия елдерінің байланысын нығайту баршамызға маңызды болып отыр.

Саммит барысында бас-аяғы 12 құжатқа қол қойылды. Ендігі кезекте Түркі мемлекеттерінің ұйымы түрлі салада осы құ­жаттардың негізінде бекіп, ықпал­дастығы мен бірлігі нығая түсуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, түркі мемлекеттері үшін дамудың жаңа кезеңі басталды.

 

Нариман ГУСЕЙНЗАДЕ,

«ARB 24» арнасының бас редакторы