• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қараша, 2023

Үй алу кезегінде тұрғандардың қатары жыл сайын 50 мың адамға артады – депутат

191 рет
көрсетілді

Елімізде 550 мыңнан астам азамат тұрғын үй алу кезегінде тұр. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа  сауал жолдап, тізімде тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесі қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.    

«Үй алу кезегінде бүгінде 557 мың адам тұр. Жыл сайын бұл сан 50 мыңға артады.  Заң жобасында табысы төмен отбасыларды жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету  он есеге артатыны көрсетілген. Алайда аталған мәселенің нақты қандай мерзімде шешілетіні айқындалмаған. Кезекте тұрған азаматтардың тұрғын үй мәселесі қанша уақытта шешімін табады? Үкіметтің бұл туралы нақты жоспары бар ма? БҰҰ-ның халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету нормаларына сәйкес бір адамға 30  шаршы метр бөлінуі қажет. Қазақстандағы көрсеткіш қалалықтар үшін 23,4 шаршы метр, ал ауыл халқы үшін 19,8 шаршы метр. Біз осы айырмашылықты қалай әрі қашан жоя аламыз? Үкімет осыны шешу үшін қандай институционалдық, заңнамалық өзгеріс енгізеді?» деген депутат Руслан Берденовтің сауалына жауап берген министр Қ.Шарлапаев үй кезегінде тұрғандардың саны артуына демографиялық ахуалдың тигізер әсері зор екенін айтты. Сала басшысы Үкіметте бұл мәселені шешуге қатысты талқылау болатынын  жеткізді.