Бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев құрылысы ұзаққа созылып, халық көп шағымданған 6 бағыттағы жолдар келер жылы пайдалануға берілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Құрылысы 4-5 жылға созылған 6 негізгі жоба бар. Бұл Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары.
«Ерекше назар Батыс Қазақстан облысындағы күрделі жөндеу жұмыстарына аударылған. Өңірде жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын Қазталов-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын жолдары жөнделіп жатыр, оның 220 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген. Жобаларды толық аяқтау 2024 жылға жоспарланып отыр», деді Марат Қарабаев.
Министрдің мәліметше, биыл ел бойынша барлығы 10700 шақырым жолда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 6500 шақырым республикалық және 4200 шақырым жергілікті маңыздағы жолдар.