• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Желтоқсан, 2023

inDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды

424 рет
көрсетілді

Әлемдегі ірі инвесторлардың бірі әрі тасымал саласындағы танымал қосымша inDriver компаниясының иесі Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Министр Арсен Томскийдің елімізге өзі ғана келіп қоймай, талантты  мамандарын тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келгенін жеткізді.

Бағдат Мусин заманауи, жетістікке жеткен компаниялардың Қазақстанды таңдауы ІТ - бизнес жасауға еркін мүмкіндік беретін Astana Hub халықаралық технопаркінің жоғары деңгейде жұмыс істеп тұруы деп түсіндірді. 

«Соңғы жылдары Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды кәсіпкерлер шоғырланған ортаға айналып келеді. Олар Қазақстанға қоныс аударып қана қоймай, біздің елге өз идеялары мен технологияларын белсенді түрде енгізіп жатыр. Сондай-ақ ірі кәсіп иелері елімізге жоғары білікті мамандар, сарапшылар мен кәсіпкерлерді тартады. Сөзімнің жарқын мысалы, 2 желтоқсан күні inDriver компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алғанын ресми түрде жариялады», деп жазды Бағдат Мусин.